Оралда әскери прокурор референдум маңызын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жуырда ел тарихындағы елеулі оқиғаға орын алмақ. Конституциялық референдумға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт. Ұлттық ұлан әскери қызметшілері де ел тағдырына қатысты маңызды оқиғадан қалыс қалмай, түсіндіру жұмыстарына белсеңді қатысуда, деп хабарлайды деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Республика бойынша өткізілетін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру үшін, қоғамдық ой-пікірді талқылап-таразылау мақсатында Орал гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Алтынбай Раев Ұлттық ұланның 5517 әскери бөліміне арнайы келіп, жеке құраммен кездесті. 

Референдум бұл азаматтарымыздың өмірін өзгертетін нақты қадам. Біз Мемлекет басшысы айтқандай болашақта Жаңа Қазақстанды құрудамыз. Президенттің өзі: «Біздің азаматтарымыз «Жаңа Қазақстан дегеніміз не?» деген сұрақты өте жиі қояды. Меніңше, бұл сауалға қысқа әрі толыққанды жауап беруге болады. Жаңа Қазақстан - бұл шындығында Әділетті Қазақстан»,-деген болатын. Әділетті қоғам тек заң үстемдігі бар жерде орын алады. Прокуратура органдарының негізгі  міндеттерінің бірі – заңдылықты қадағалау. Біз референдум арқылы еліміздің экономикалық, саяси және адам құқықтары мен заңдықты қамтамасыз ету саласында даму жолын бастаймыз. Осының барлығы тек оң өзгерістер арқылы жүзеге асады,-деді  әскери прокурор.

Кездесу соңында сарбаздар өздерінің толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Шара өзара түсіністік негізіндегі диолог құрумен аяқталды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы