Оралда 4 шағынауданда су беру тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда кәріз коллекторында тағы да апатты жағдай орын алды. Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
6 наурыз күні сағат 19.30-да Мәскеу көшесінде кәріз коллекторында екі жерде диаметрі 500 мм құбыр жарылды, - деп хабарлайды облыстық ТЖ департаменті. - Құбырдың не себепті жарылғандығы анықталып жатыр.
Осыған байланысты қаланың 5, 6, 7 және 9-шағынаудандарында су беруді тоқтату жоспарлануда. Қазіргі кезде "Батыс су арнасы" және "Жайық таза қала" ЖШС күштерімен (18 қызметкер, 11 техника) жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы