Оралда 284 отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласында көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің" әр түрлі әлеуметтік топтағы салымшылары – барлығы 284 отбасы жаңа баспанаға ие болды.
1 маусым – балаларды қорғаудың халықаралық күнімен тұспа-тұс келген қоныстойда жаңа пәтерлердің кілтін жүздері қуаныштан бал-бұл жанған бүлдіршіндер алып жатты.Бүкіл әлемді әбігерге салған пандемия кезінде еліміздің азаматтарын қолдау, қорғау мақсатында кешенді шаралар жасалды. Мемлекет Президенті қабылдаған шешімдердің арқасында құрылыс саласының қарқыны титтей де бәсеңдеген жоқ. Тіпті жаңа жұмыс орындары ашылып жатты. Соның нәтижесінде бүгін бір топ жерлестеріміз қоныс тойын тойлағалы отыр, – деді жаңа үйді тұрғындарға тапсыру салтанатында өңір басшысы Ғали Есқалиев.Расында да, жаңа үйдің тұсауы балалар мерекесімен тұспа-тұс кесілуі тегін емес екен. Бұйырса, бұл үйдің ауласында енді 400-дей бүлдіршіннің шат күлкісі естілетін болады.
Еліміздің болашағы – өскелең ұрпақ. Балаларымыз жайлы пәтерде, жарақты үйде тұруы, заманауи балабақшада өсіп, мықты мектепте білім алуы – біздің басты міндетіміз болуы тиіс. Халық тұрмысының сапасын арттыру мәселесіне Президентіміз ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да әр отбасын пәтермен қамтамасыз ету – ел дамуының негізгі бағытына айналған, – дейді облыс әкімі.Орал қаласының жаңа үй пайдалануға берілген солтүстік-шығыс аймағы соңғы жылдары ерекше дамып келе жатыр. Таяу болашақта бұл жерде жаңа мектеп бой көтермек. Шағын ауданның ішкі жолдары толық жаңартылып, жаңаша абаттандырылмақ.
Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдің айтуынша, таяуда осы ауданда 104 пәтерлік тағы бір үй пайдалануға беріледі. Жалпы 2020 жылы Батыс Қазақстан облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғындарға 1800 пәтер тапсырылғалы отыр. Өткен жылы мұндай пәтердің саны 1080 болса, құрылыс қарқыны екі есеге жуық артқанын байқауға болады. Дәл осы "Нұрлы жер" бағдарламасын жүргізу үшін Орал қаласындағы тұрғын үй құрылысына 15 млрд теңге бөлінген. Бұл көпқабатты 8 үй, 485 мың шаршыметр баспана деген сөз. Бұған ауылдық жерде тапсырылатын 88 қосылғанда, тышқан жылы қоныс тойын 1830 отбасы тойлайды екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекеттік қызметтің 42%-ы Egov порталы арқылы көрсетілді
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы