Оралда 180 отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласында 180 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды 24.кz.
Жыл санап көркейіп келе жатқан Зачаганск кентінде тағы бір 9 қабатты тұрғын үй бой көтерді. Пәтерлер банк салымшыларына кезек тәртібімен табыс етілді. Олардың қатарында қала тұрғындары ғана емес, ауылда тұратын отбасылар да бар.
Кейінгі кезде шаһардың оңтүстік-батыс жағынан көп қабатты үйлер көптеп салына бастаған. Жаңадан қоныс тепкен тұрғындар аялдама алыс екенін айтып, құзырлы органдардан қоғамдық көлік қызметін оңтайландыруды сұраған еді. Бұл мәселе де шешімін тапты. Енді автобус жаңа тұрғын үйлердің маңынан өтетін болды. Былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында шаһарда 7 көп қабатты баспана пайдалануға берілді. Бұл мақсатқа қазынадан 17 млрд теңге жұмсалған.
Жаңа жылда үш бөлмелі пәтердің иесі атандық. Өте қуаныштымыз. Барлық қазақ халқына тілерім осы. Бәрі баспаналы болсын, - деп қуанышын бөлісті қала тұрғыны Алтынбек Қабделов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 751 адам коронавирустан емделіп шықты
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы