1 Қазан 2026, 08:20 Фото: Энергетика министрлігі

Оралда 1,8 шақырым жылу магистралі жаңғыртылды

Жоба 2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылды.

Орал қаласында ТМ-6 жылу магистралінің Гагарин және Ружейников көшелерінің қиылысындағы 1-ші нүктеден ТК-Б жылу камерасына дейінгі учаскесін реконструкциялау аяқталды.

Жоба 2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылды.

Реконструкция барысында ұзындығы 1,82 шақырым жерүсті жылу құбыры ауыстырылды. Оның орнына диаметрі 530 мм алдын ала оқшауланған құбырлар орнатылды.

Жаңғырту жұмыстары жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға, жылу шығынын азайтуға және Орал қаласының жылу инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған.

Батыс Қазақстан облысында жылумен жабдықтау нысандарының алдағы жылыту маусымына дайындығын тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.