Оралда 16 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ. Оралда 16 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды «Мой город».
Оқыс оқиға 16 қыркүйекте Молдағұлова көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.
Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 16 жастағы жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Ол төртінші қабаттан құлап кетті. Жағдайы ауыр. Тоқпан жілігі сынған, бас жарақаты диагнозы қойылды, - делінген хабарламада.Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үстел теннисінен Азия чемпионаты Катарда өтеді
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы