18 Мамыр 2026, 21:22 Фото: pexels.com

Оралда 11 жастағы бала Шаған өзеніне батып кетті

Ведомствоның хабарлауынша, жасөспірім ересектердің қарауынсыз өзен жағасында жүрген кезде суға құлап кеткен.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16 мамыр күні «Телеорталық» маңындағы Шаған өзенінде 2014 жылы туған бала суға батып кеткен.

Ведомствоның хабарлауынша, жасөспірім ересектердің қарауынсыз өзен жағасында жүрген кезде суға құлап кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баланың денесін судан шығарып алды.

Бұл – өңірде биыл тіркелген алғашқы суға кету оқиғасы. Айта кетейік, облыста шомылу маусымы әлі ресми түрде басталған жоқ.

ТЖ департаментінің дерегіне сәйкес, 2025 жылы Батыс Қазақстан облысында суға бату салдарынан 7 адам қаза тапқан, оның бірі — бала.