Оралда 1 млрд теңгеге жуық контрафактілік темекі тәркіленді

БҚО төрт тұрғыны заңсыз темекі мен алкоголь өнімдерін сатпақ болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл деректі ҚМА облыстық департаменті тексеріп жатыр.

Бір топ тұлғалардан жалпы сомасы 967,5 млн теңгеден асатын 1,6 млн қораптан астам темекі өнімдерінің ірі партиясы, сондай-ақ заңыз есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімдері тәркіленді, - делінген ҚМА таратқан хабарламада.

Заңсыз темекі бұйымдарын тасымалдау Қырғыз Республикасынан жүзеге асырылып, Орал қаласында сақталып, сатылған. Сот үш айыпталушыны бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті, тағы бір айыпталушы 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Сот үкіміне сәйкес, тәркіленген барлық темекі мен алкоголь өнімдері жойылуға жатады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы