Бүгiн 2026, 17:13 Фото: pixabay.com

Оралда той кортежінде ереже бұзғандарға айыппұл салынды

Қауіпті маневрлер камераға түсіп, барлық көліктер тоқтатылды.

Орал қаласында той кортежіне қатысқан жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қауіпті маневрлер жасалған видео қозғалысы қарқынды трассада түсірілген камераларға түсіп қалған.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 18 сәуір күні кешке болған. Полиция дерегінше, кортежге қатысқан жүргізушілер басқа жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген.

Бейнебақылау жүйелерінің көмегімен және полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті нәтижесінде барлық көліктер анықталып, тоқтатылды. Бұзушылықтар сол жерде тоқтатылып, әкімшілік хаттамалар толтырылды, жүргізушілерге айыппұл салынды, – деп мәлімдеді полиция.

Департамент жол қозғалысы ережелерін сақтау кез келген жағдайда, қандай себеп болса да міндетті екенін еске салды.