Орал қаласында шаңды дауыл соғып, қаланың көп бөлігі жарықсыз қалды

Орал қаласы мен облыстың бірқатар ауданында бүгін түстің әлетінде шаңды дауыл соқты.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, қаланың көп бөлігінде жарық сөніп қалды.

Қатты жел ағаштарды құлатып, үйлердің шатырын ұшырып әкеткен. Бірқатар аудан, ауылдар да осындай жағдайға ұшырады. Оның үстіне өңірде күн де ыстық, 35 градусты көрсетіп тұр.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, осындай ауа райы 8 шілде күні де сақталады. Облыстың батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күн 35 градус ыстық болғандықтан, өрт қаупі де жоғары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы