Орал қаласында бір апта бойы ыстық су болмайды

Орал қаласында 19-25 тамыз аралығында тұрғындар үшін ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл "Интергаз Орталық Азия" АҚ магистральдық газ құбырлары басқармасы Орал филиалының шаһардағы газ құбырларында сынақтар өткізуіне байланысты.

Сондықтан тауарлы газ беру тоқтатылады. Ыстық судың берілмеуі соған байланысты болмақ. Жоспарланған жұмыстар мерзімінен бұрын аяқталған жағдайда ыстық су беру бұрынғыша қайта қалпына келтіріледі, – деп хабарлады әкімдіктен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы