22 Желтоқсан 2025 2025, 20:27
Фото: - архив
Орал қаласынан Ресей шекарасына дейін жол жабылды
Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 21:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» 4-104 шақырым аралығы (Орал қаласынан РФ шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі. Жолды 2025 жылғы 23 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған, - делінген мәлімдемеде.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.