Орал маңындағы саяжайлардан кетуден бас тартқан тұрғындар шұғыл эвакуациялануда

Орал қаласының маңында орналасқан Космос және Комаров саяжайларының ауданында бұрын үйлерінен кетуден бас тартқан жергілікті тұрғындар шұғыл эвакуациялануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы сағатта  құтқарушылар үйлерінің төбесінде тұрған 4 жергілікті тұрғынды құтқарды.  

Азаматтарды су басқан аймақтан эвакуациялау арнайы операциясы ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтің үйлестіруімен жүргізілуде.  

Тікұшақ әуеге көтерілді. Жұмыстар жүзу құралдарымен жүргізілуде. Адамдарды іздеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы