Орал қаласында өртенген үйден 73 адам эвакуацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін түнгі сағат 03.27-де Орал қаласының тоғыз қабатты тұрғын үйінен өрт шықты, деп хабарлады mgorod.kz.
Үй Исатай мен Махамбет көшелерінің қиылысында орналасқан.
Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өртті бақылау басқармасы басшысы Мереке Жұмағалиевтің мәліметінше, өрт бірінші қабаттағы шаруашылық бөлмеден шыққан. Оның жалпы аумағы 10 шаршы метр.
Бөлмеде тұрмыстық заттар өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері саты артқылы 73 адамды эвакуациялады. Оның 17-сі балалар. Өрт таңғы сағат 04.09-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Өртің шығу себебі анықталуда, - деді ол.
Оқиғаға орнында 17 өрт сөндіруші жұмыс істеп, алты техника жұмылдырылды. Эвакуацияланған адамдарға арнап жылыту пункті ұйымдастырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Германияда иттер коронавирусты анықтай алады
Өзгелердің жаңалығы