Қорғас шекарашылары декларацияланбаған 4 млн теңгені тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғастық шекарашылар Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығына ірі көлемде ақшалай контрабанда өткізбек болған азаматшаны ұстады. 

«Бүгін таңертеңгі сағат 9-дар шамасында «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының шекара наряды 53 жастағы қазақстандық әйелді ұстады. Шекарашылар Орталық аумағына кіру үшін кедендік және шекаралық бақылаудан өтіп болған азаматшаның өзімен бірге 4778000 теңгені жасырын алып кірмекші болғандығын анықтаған. Ақша актіленіп «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды», - делінген ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы