Қорғаныс министрлігінің өкілдері Көкшетау гарнизонына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Көкшетау гарнизонына барды, деп хабарлады министрліктің ресми сайты.
Қорғаныс ведомствосының өкілдері Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери қызметшілерінің және олардың отбасы мүшелерінің қызмет жағдайларымен және проблемалық мәселелерімен танысты. Әскери қызмет, тұрғын үй және зейнетақы мәселесі де талқыланды.Дәл осы күні Көкшетау қаласының "Тәуелсіздік" алаңында "Ел тірегі" республикалық акциясы аясында еліміздің оңтүстігіндегі Сарыөзек кентінің әскери бөлімінде қарулы күштер қатырында борышын өтейтін әскерге шақырушыларды шығарып салу рәсімі өтті.
Сонымен қатар, тағы бір салтанатты шара өтті. Бурабай кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушылары ант қабылдап, "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысы тәрбиеленушілерінің қатарына кірді. ҚР ҚМ ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы аясында әскери қызметшілер мен олардың отбасылары үшін орталық әскери оркестр мен ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ансамблінің концерті, қоян-қолтық ұрыстан және құрметті қарауыл ротасының көрсетілімдері ұйымдастырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы