"Оқжетпес" футбол клубы 160 қызметкерлеріне жалақы төлемей келген

Ақмола облысында прокуратура футбол клубының қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокуратура органдары жұмыс берушілердің тарапынан еңбек заңнамасын сақталуына ерекше көңіл бөледі.

Қадағалау қызметі барысында Ақмола облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы «Оқжетпес» Футбол клубы ШЖҚ МКК-да жалпы сомасы 425 млн теңгеге 160 қызметкерге жалақы берешегі бар екені анықталды. 

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы қарыз толық өтелді, кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды, - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы