Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: Астанада педагогикалық форум өтіп жатыр

Елордада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ұйымдастыруымен «Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: Қазақстандағы Балалар жылы» атты XIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Еліміздегі Балалар жылын желеу еткен форумға 1500-ден астам қазақстандық мұғалімдер мен ғалымдар қатысуда. Сондай-ақ ауқымды жиынға Финляндия, Ұлыбритания, Корея, Эстония, Ресей, Сингапур, Нидерланды, Жапония, АҚШ, Австралия, Португалия, Испания, Мальта және Болгария елдерінің белгілі педагогтері де қатысуға ниет білдіріпті. Олардың қатарында әлемдік білім беру саласының ең танымал өкілдері: Финляндиядағы Ювяскюль университеті тобының Educluster Finland инновациялар және сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Дэвид Марш, Корей білім беруді дамыту институтының ғылыми қызметкері Сунг Джи Парк, Оксфорд университетінің Балаларды дамыту және оқыту профессоры Ирам Сираж бар. 

Белгілі болғандай, форум қазіргі білім берудегі негізгі трендтерге тәжірибелік тұрғыдан назар аударуды мақсат тұтып отыр. 

Конференцияның ашылу салтанатында Нидерландыдағы сараптама және сертификаттау зерттеу орталығының «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына Арнольд Дж.Брауэр конкурстық іріктеуді аккредиттеу туралы RCEC сертификатын табыстады. 

Бұл NIS-тің әлемдік білім берудегі жаңаша мойындалуы, ол шындықтың, сенімділіктің, объективтіліктің жоғары стандарттарын, сондай-ақ конкурстық іріктеу жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкестігін растайды, – деді Арнольд Дж.Брауэр. 

Жиында алғаш рет мектепке дейінгі білім беру мәселелері, соның ішінде ең алдымен зерттеулердің сапасы және ұзақмерзімді әсерге арналған секциялық отырыстардың тұтас сериясы өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы