"OQY'SHYNY QOLDA!": Балаларға уақытша пайдалануға компьютер беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында "OQY'SHYNY QOLDA!" республикалық қайырымдылық акциясының басталуы туралы айтты. 

Төраға айтып өткендей, БҒМ мен "Атамекен" ҰКП, "Менің атамекенім" қоғамдық бірлестікпен бірлесіп "Мектепке жол" қоғамдық қозғалысы аясында "OQY'SHYNY QOLDA!" акциясын бастайды. 

"OQY'SHYNY QOLDA!" меценаттар мен демеушілердің ерікті көмегі есебінің қолдауымен көмекке мұқтаж білім алушыларға уақытша пайдалануға берілетін компьютерлік техника, ноутбуктер мен планшеттер сатып алуға бағытталған. Акция жекеленген санаттағы балалар мен отбасылардың жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізуге бағытталған. Біз барлық қазақстандыққа, кәсіпорын мен компанияға акцияға қатысып, қашықтан оқытуға қатысуларын сұраймыз, - деді ол. 

Иманғалиев атап өткендей, бірінші кезекте көмек ерекше қажеттілігі бар балалар мен жетімдерге көмек көрсетіледі.

"OQY'SHYNY QOLDA!" акциясы аясындағы көмекті алу бойынша арнайы сайт ашылды. Көмек мемлекеттік атаулы көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, АЕК алмайтын жан басына шаққандағы балаларға, мүгедек ата-аналары бар балаларға, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға көрсетіледі, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы