Оқыс оқиға: Мектепте атыс болып, 11 адам қаза тапты
Бүгін, яғни 10 маусымда Австрияның Грац қаласындағы Дрейершутценгастағы Borg мектебінде (университет мектебі) атыс кезінде кем дегенде сегіз адам қаза тапты, деп жазды Krone газеті. Ал Auf1 порталы қаза тапқандар саны 11-ге дейін өскенін жазды, тағы да бірнеше адам ауыр жараланған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мектептегі атыс салдарынан қаза тапқандар саны артып келеді.
Қаланың бургомистері (Еуропаның кейбір елдерінде қаланың басқарма басшысы – ред. ескертуі) Грац Анике Кардың хабарлауынша, жәбірленушілердің арасында жеті оқушы мен бір ересек адам бар екені белгілі, оның сөзін APA агенттігі келтіреді.
Полицияның мәліметінше, алғашқы оқ жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10-да естілген, куәгерлер 20 оқ туралы айтады. Алдын ала мәліметтер бойынша, атқыш екі сыныпта оқ жаудырды, кем дегенде 10 адам ауыр жарақат алды.
Оқ атқан адамның көзін жою үшін бірнеше полиция бөлімшелері мен Cobra арнайы бөлімшесі жұмылдырылды.
Оқ атқан адам дәретханалардың бірінде өлі күйінде табылған. Ол Borg студенті болған және өзін "қорлаудың құрбаны болдым" деп санаған.
Қазіргі уақытта ғимаратта іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қашып үлгерген оқушылардың ата-аналарына енді балаларын көруге рұқсат етілді. Жаралыларға жақын жерде орналасқан Хельмут лист залында күтім жасалады.
Австрияның ішкі істер министрі Герхард Карнер оқиға орнына бет алды.