Оқушыларымыз Ирландияда географиядан халықаралық олимпиадаға қатысуда

 Ирландияның Дублин қаласында географиядан IGeO-2024 халықаралық олимпиадасы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, бұл жарысқа 50 ел қатысуда.

Еліміздің құрама командасында төрт оқушы бар.

Команда құрамында: Ақжол Болат — ФМБ НЗМ, 11-сынып оқушысы, Талдыкорған қаласы;

Арсен Сыдықов —ХББ НЗМ, 11-сынып оқушысы,Шымкент қаласы;

Қанат Серікбай — ХББ НЗМ, 11-сынып оқушысы, Шымкент қаласы;

Жомарт Сабыр — Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, Жамбыл облысы.

Команда жетекшілері: Нұрлан Жұмагелді - «Дарын» РҒПО директордың орынбасары,

Мақсат Аубакиров - «Дарын» РҒПО бөлім басшысы.

Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

IGeO 1996 жылдан бері IGU Халықаралық географиялық одағының қолдауымен өткізіліп келеді.

Жарысқа 16-19 жас аралығындағы ұлттық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысады.

Негізгі мақсаты — оқушылардың география мен қоршаған орта туралы басқа да ғылымдарға қызығушылығын арттыру және халықаралық байланыстарды дамыту.

Бұл халықаралық білім додасында Қазақстан құрамасы 2023 жылы 1 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Өзгелердің жаңалығы