Оқушылар сабақты жасанды интеллектпен жасап жүр – Аймағамбетов
Мәжілісте Әлеуметтік салада жасанды интеллектіні қолдану тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр. Жиында депутат Асхат Аймағамбетов ЖИ-ді мектептерде енгізу мәселесіне ерекше назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжілісте Әлеуметтік салада жасанды интеллектіні қолдану тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр. Жиында депутат Асхат Аймағамбетов ЖИ-ді мектептерде енгізу мәселесіне ерекше назар аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жасанды интеллект - өте үлкен мәселе. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін ЖИ-ді енгізуді тапсырған болатын. Осы іс-шараға дайындық кезінде көбіне мемлекеттік органдар ЖИ-ді енгізу мәселесі бойынша бірізділік, түсінікті көзқарас, концептуалды көзқарастың жоқ екенін көрдік, - деді депутат.
Оның сөзінше, ғылым мен жоғары ғылым саласында осы бағытта жүйелі көзқарас бар және біраз жұмыс басталып кеткен.
Дөңгелек үстелде мемлекеттік органдардың өкілдері өз салаларында ЖИ-ді қалай енгізетіндерін баяндады.
Мектептерге қыркүйектен бастап ЖИ-ді енгіземіз дедік. Ол қалай болады? Біз ChatGPT-ді қалай қолдануға болатынын үйретеміз бе? Нені үйретеміз? Оған мұғалімдер дайын ба, дайын емес пе? Инфрақұрылым бар ма, жоқ па? Нормативтік-құқықтық құжаттар бекітілді ме? Этикалар мәселелер қандай? Қоғам осы сұрақтар көтеріп отыр. Осы мәселеде мектептегі бағдарламалар қалай өзгереді? – деді Аймағамбетов.
Депутат мектептерде смартфонды шектеу туралы да, ЖИ-ді енгізу жайлы да айтылып жүргенін, бірақ екеуі бір-бірімен қалай үйлесетінін көтерді.
Балаларды бағалау қалай болады? Қазір барлық жауап дайын. Дайын жауаптар әлемінде балаларды ойлауға қалай үйретеміз? Қаласақ та, қаламасақ та, қазір балалар ЖИ-ді үй жұмысын жасағанда, тіпті сабақ үстінде де “шпаргалка” ретінде қолданып, сабақтарын орындап жүр. Біз осы тұрғыда не істеуіміз керек? Ол қаншалықты дұрыс? Этика, академиялық адалдық мәселесі қалай қолға алынып жатыр? Мемлекеттік стандарттар мен типтік оқу жоспарлары қалай өзгеріп жатыр? Бағалау қалай өзгереді? Үй жұмысын беру тәртібі қалай өзгереді? – деп айтты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.
- Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-приде төрт жүлде жеңіп алды 21:48
- Атырауда «ALTYN ORDA» халықаралық садақ ату турнирі өтіп жатыр 21:11
- БРИКС, БАӘ және транзит: Қазақстан экономикалық мүмкіндіктерін қалай кеңейтуде 20:59
- БРИКС плюс: Қазақстан транзит пен инвестиция мүмкіндіктерін кеңейтуде – Сарапшы 20:58
- Жапонияда үкімет қайта жасақталады: Такаити қарсыластарын қызметінде қалдырмақ 20:55
- Қосшыда сауда үйінде жанжал шығарған ер адам 15 тәулікке қамалды 20:40
- Қазақстанда алғаш рет: Алматының қалалық кардиоорталығы JCI аккредитациясын алды 20:10