Оқушылар мен мұғалім қазасы: Ақтөбе облысындағы апаттың мән-жайы анықталып жатыр
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбе облысында жол апатынан қаза тапқан оқушылар мен мұғалімнің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбе облысында жол апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғарып көңіл айтады. Өңірлік білім басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан екі оқушы мен бір педагог қаза тапқан.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр. Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті қолдау, оқушыларға тиісті психологиялық көмек көрсетіледі, - делінген комитеттің ресми мәлімдемесінде.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарының басшыларына қысқы кезеңде балаларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін еске салады. Комитеттің мәлімдеуінше, бұған дейін қауіпсіздік техникасы және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша нұсқаулық білім беру ұйымдарына жіберілген.