Оқушылар малдың сүйектерінен ерекше туындылар жасап жүр

Астана қаласындағы №105 орта мектебінің 8-9 сыныбының оқушылары көркем еңбек пәнінде малдың сүйектерін тазартып, ерекше бағалы заттар жасап жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінше, олар сиыр және қойдың жамбас сүйектерін пайдаланып, сақина, тарақ және ер қанаты аттың үстінде отырған батыр бейнеленген портет пен жіліктен білезік жасап шығарды.

Көші қон байырғы замандағы ата-бабаларымыздың кәсібін бүгінгі заманда қайта өңдеп, құнды заттарды жасауды оқушыларға үйретіп жүрген осы мектептегі көркем еңбек пәнінің ұстазы - Кеңшілік Серік.

Кеңшілік Серік елордаға өткен жылы ғана қоныс аударып келген мұғалім.

Бұл туындыны туған атамнан үйреніп, ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыздың қолөнер заттарын бүгінгі жас ұрпаққа көрсетіп, таныстырып, оларды еңбекке баулу мақсатым, - дейді ұстаз.

Еңбекқор ұстаз бұдан бөлек аз уақытта оқушыларымен бірге ағаштан шағын ғана кигіз үй жасап, балабақша бүлдіршіндеріне сыйлаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы Білім басқармасы
Өзгелердің жаңалығы