Оқушылар егіс дақылдарын өңдейтін кешен жасап шығарды
Әзірге ешбір жерде баламасы жоқ жаңа құрылғыны Қостанайдағы физика-математика бағытында білім беретін лицейінің 11-сынып оқушылары Сергей Трефилов пен Александр Цюпай жасап шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ сол өңірдегі тілшісі.
Жас өнертапқыштардың айтуынша, олар жасап шыққан құрылғының механизмі толығымен автоматтандырылған. Бұл өз кезегінде далалық егіс жұмыстарының тиімділігін бірнеше есе арттырып, сапалы мол өнім жинауға көмектеседі екен.
«Ақылды жүйе зиянды жағар -жанар май отынның орнына электр қуатын пайдаланады. Мұнда заманауи GPS жүйелері орнатылған. Қауіпті препараттар мен егістік жұмыстарының маршрутты есептеу алгоритмдері бар.Осылардың арқасында пайдалы коэффициенттердің әсер артып, ресурстардың шығындары төмендейді. Біз көптеген сынақтарды, соның ішінде далада өткіздік. Барлығы дамудың өміршеңдігін дәлелдеді», - деді оқушылар.
Талайды таңқалдырып отырған құрылғының авторлары Сергей Трефилов пен Александр Цюпай бастауыш сыныптан бастап информатикаға қызығып, модельдеу және робототехникамен айналыса бастапты. Оның сыртында жас дарындар республикалық әлеуметтік жобалар конкурсының жүлдегерлері екен. Жақында өткен халықаралық цифрлық форум көрмесіне қатысып, Қостанай облысының намысын аброймен қорғап келген.
Енді дарынды жас жеткіншектердің тың жобасы қостанайлық диқандардың тарапынан кең қолдау тапса, құрылғының игілігін көрер күнде алыс емес.