Оқушылар Астана әуежайына экскурсия жасады

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана әуежайында мектеп оқушылары және авиация саласы қызметкерлерінің балаларына экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Air Astana әуе компаниясының ұшқышы Ілияс Исабаев балаларға авиациялық оқу орталығында симуляторлардың жұмысын көрсетті. Сондай-ақ балаларға авариялық жағдайлардағы іс-әрекеттер бойынша нұсқау берді.

Оқушылар ұшқыштармен, стюардессалармен және инженерлермен сөйлесіп, әуе кемесінің бортына көтерілді. Оларға ұшқыштар кабинасының жұмысы түсіндірілді.

Өрт қауіпсіздігі қызметкерлері әуежайда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды элементтерін көрсете отырып, жұмысының барлық аспектілерін айтып, көрсетті. Әуежай қызметкерлері балаларға алғыс білдіріп, оларға естелік сыйлықтарды табыс етті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы