14 Қараша 2025 2025, 10:17
Фото: - архив
Оқушылар 10 күн демалатын болды
Қазақстандық оқушылар қыста 10 күн бойы демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстандық оқушылар қыста 10 күн бойы демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Осы оқу жылының кестесіне сәйкес, екінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнге жалғасады.
Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс беріледі. Ол 2026 жылғы 9 ақпаннан 15 ақпанды қоса алғанда 7 күнге созылады.
Ал үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Көктемгі каникул 2026 жылғы 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғандағы 11 күнге созылады.
Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Айта кетейік, күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашасына дейін 7 күнге жалғасқан болатын.
2025-2026 оқу жылғы процесі 2026 жылғы 25 мамырда аяқталатынын еске сала кетейік,