Оқушы мектеп дәретханасында босанған: төрт қызметкер жұмыстан қуылды

Үндістанның Карнатака штаты, Ядгир ауданындағы мемлекеттік мектеп-интернаттың 17 жасар 9-сынып оқушысы оқу орнының дәретханасында босанған, деп хабарлайды BAQ.KZ The Times of India басылымына сілтеме жасап.

Аталған жағдай мектеп қызметкерлерінің өрескел немқұрайлылығын айғақтады. Білім беру қоғамының атқарушы директоры Кантараджу мектеп директоры мен жатақхана комендантын, сондай-ақ жаратылыстану пәнінің мұғалімі мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімін қызметінен босатты.

Полицияның хабарлауынша, жасөспірім жүктіліктің толық мерзімін өткерген. Алайда мектеп қызметкерлері оның жағдайындағы өзгерістерді уақытында байқамаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы