Оқушы бір жасар інісін өртенген үйден аман алып шыққан

Көкшетауда 10 жасар батыр ТЖМ медалін алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы ТЖД-да өрт кезінде қайсарлық танытқан Артур Гаитов марапатталды. 

Өрт шыққан кезде ол абдырап қалмай, бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өрт сөндірушілерді шақырған соң бір жасар інісін қолына алып, терезеден шығып кеткен. ТЖ министрінің бұйрығымен 10 жасар батырға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі табысталды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы