Оқушы баллоннан химиялық зат шашып, 7 оқушы ауруханаға түсті
Мектептің 7 оқушысы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29 наурыз Алматы қаласы ПД-нің ЖБО-на Алмалы ауданында орналасқан №96 жалпыға білім беретін мектептің 9-шы сынып оқушысы, қоңырау уақытында дәретханада баллоннан химиялық зат шашып, соның салдарынан жанында тұрған оқушылардың реакциясы туындағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Мектептің 7 оқушысы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
Алмалы аудандық ПБ-на қарасты ПБ оқушының ата-анасына қатысты ӘҚбК-нің 127-бабына сәйкес шара қолданатын болады.
Сонымен қатар материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы