Оқушалыр Менделеев олимпиадасында бақ сынайды

Қазақстандық оқушылар химия пәнінен 58-ші халықаралық Менделеев олимпиадасында бақ сынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Қытай Халық Республикасының Шэньчжэнь қаласында химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасы (МХО) өтуде. Оған әлемнің 29 елінен оқушылар қатысуда. Ел намысын 2023-2024 оқу жылындағы химия пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары арасынан іріктелген 10-12 сыныптардан он қазақстандық оқушы қорғайды.

Команданың құрамы:
1. Әліби Мұғалім, «Білім-инновация» лицей-интернаты, Ақтау қаласы;
2. Ринат Илюсизов, № 8 лицей-мектебі, Павлодар қаласы; 
3. Әділжан Молдағұл, «Білім-инновация» лицей-интернаты, Ақтау қаласы;
4. Абылай Кабдулхадыр, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана қаласы;
5. Кирилл Ким, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана қаласы;
6. Еңлік Бақытбекова, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы қаласы;
7. Райымбек Габдолла, «Білім-инновация» лицей-интернаты, Ақтау қаласы;
8. Санжар Қалиақбар, №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты, Қарағанды қаласы;
9. Тамила Рахимбаева, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Павлодар қаласы; 
10. Алихан Серікұлы, Haileybury мектебі, Алматы қаласы.

Жетекшілері – Елдана Бахытжан, PhD доктор, Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы және Санжар Бегдаир, KBTU, 4-курс студенті.

Олимпиада алты күнге созылады және екі теориялық пен бір эксперименттік кезеңді қамтиды.

Айта кетсек, халықаралық Менделеев олимпиадасы – биыл шілде айында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін химиядан халықаралық олимпиадаға (IChO) дайындықтың маңызды кезеңінің бірі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Өзгелердің жаңалығы