Оқу-жаттығу кезінде әскери ұшақ апатқа ұшырады
Қытайдың оңтүстігінде әскери оқу-жаттығу кезінде жойғыш ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, әуе кемесі Хайнань провинциясының Лингао округіндегі қала маңындағы ашық алаңға құлаған.
Апат салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ұшқыш парашютпен секіріп, аман қалған.
Желіде тараған бейнежазбаға сүйенсек, апатқа ұшыраған әуе кемесі Қытай Халық азаттық армиясының J-15 жойғыш ұшағы болуы мүмкін.
ҚХАА-ның оңтүстік әскери-теңіз күштері қолбасшылығы оқиғаның себептері анықталып жатқанын хабарлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Талдықорғанда жарық деңгейі 65 пайызды құрайды
Келесі жаңалық
Назым үш дүркін, Алуа тұңғыш рет әлем чемпионы атанды
Өзгелердің жаңалығы