Оқу-ағарту министрлігінің оқушылардың "TikTok" қолдануына қатысты ұстанымы қандай
Мәжіліс депутатары Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа жолдаған депутаттық сауалында балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз цифрлық орта құру мақсатында заң бұзушылықтарға байланысты мәселе көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Премьер-министрдің орынбасары бұл мәселе бойынша Оқу-ағарту министрлігі әлеуметтік желілердің (атап айтқанда, "TikTok") балалардың дүниетанымын, рухани, адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруға теріс әсерін азайтуға бағытталған жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.
Бүгінгі күні бұл мақсатта "TikTok" платформасы тек 13 жасқа толған пайдаланушыларды тіркеу формасын әзірледі. Осылайша, автоматты және қолмен модерацияны қолдана отырып, заңсыз мазмұнды анықтау және шектеу алгоритмі жасалды. Модератор топтары пайдаланушыларға қауіп төндіретін және заңнама нормаларын бұзатын материалдар анықтаған жағдайда, ол автоматты түрде жойылады. «TikTok» параметрлеріндегі кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі үшін ата-аналар "Родительский контроль" (ата-ана бақылауы) бағдарламасына қосылып, "Семейные настройки" бағдарламасы арқылы ата-ана өз есептік жазбасын бақылау үшін жасөспірімнің есептік жазбасымен байланыстыра алады (экран уақытын шектеу, есептік жазбаның құпиялылығын орнату, жеке хабарламаларды орнату және т. б.), - дейді Премьер-министрдің орынбасары.
Айтуынша, аталған мәселелерді реттеу қолданыстағы заңнамамен қарастырылған және бұл бағытта тиесілі жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.
Ата-аналар үшін балалардың интернеттегі іс-әрекеттерін, өткізген уақытын қадағалауға мүмкіндік беретін бірыңғай мемлекеттік бақылау жүйесін құру мәселелеріне қатысты Онлайн-платформалар ақпараттық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ережелерді басшылыққа алады. Бұл ережелер ықтимал тәуекелдер мен қауіптерді азайту үшін үнемі жетілдіріліп отырады. Мәселен, "TikTok" онлайн платформасының ішкі ережесіне сәйкес, оны 13 жастан асқан адамдар ғана қолдана алады және платформадағы кейбір мүмкіндіктер кәмелетке толмаған жастар үшін қолжетімсіз болып табылады. "TikTok" платформасын пайдаланушылар экран уақытын 40, 60 минут, бір жарым сағат немесе кез келген басқа қалаған уақытқа орнату арқылы жасөспірімдердің онлайн платформаны пайдалану уақытын шектей алады, - дейді Премьер-министрдің орынбасары.