Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан қазақстандық ата-аналарға үндеу жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол алдымен ата-аналар мен балаларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

Жазғы демалыс уақыты да келіп жетті. Жазғы каникулды ерекше көңілді әрі тиімді өткізулеріңізге тілекшіміз. Жаз мезгілі балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды қажет етеді. Өкінішке қарай, өткен жазда балалардың суға кетуі, жол-көлік оқиғаларынан зардап шегуі, арықтар мен кәріз құдықтарына құлауы сияқты жазатайым оқиғалардың саны артты, - деді Батырхан.

Комитет төрағасының орынбасары бұл оқиғалардың басты себептерінің бірі – балалардың қадағалаусыз қалуында.

Осы себепті ата-аналардан балалардан жол қауіпсіздігін, бейтаныс адамдармен өзін-өзі ұстау ережелерін және су қоймаларына жалғыз баруға болмайтынын түсіндірулеріңізді сұраймыз. Көпқабатты үйлердің терезелеріне міндетті түрде бұғаттағыз орнатыңыз, - деп түсіндірді министрлік өкілі.

Жолдас Батырхан ата-аналарға балаларға қатысты қайғылы жағдайлардың алдын алуда ересектердің жауапкершілігі маңызды екенін ескертіп, осы мәселелерге назар аударуды сұрады.

Балаларымызға бақытты, қауіпсіз көңілді демалыс сыйлайық, - деп Балалардың құқықтарын қорғау комитеті үндеу жасады.

Бүгін мектептерде емтихандар басталғанын еске сала кетейік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналы
Өзгелердің жаңалығы