ОҚМУ «Арыс,біз біргеміз!» акциясына қолдау көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Арыс, біз біргеміз!» акциясы аясында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына бір күндік еңбекақыларын аударып, оқу орнының жатақханаларынан арнайы орындар дайындады.
Сонымен қатар университеттің психолог мамандары азаматтарға психологиялық тұрғыдан кеңес беріп, қолұшын созуда.
«Арыста орын алған бүгінгі ауыр жағдай барлығымыздың қабырғамызды қайыстырып, арқамызды аяздай қарыды. Осындай қиындықта отандастарымыз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бірігіп, бауырларымызға көмек көрсетіп жатқаны көңіл қуантады. Бұл - қоғамның белсенділігін айғақтайды. Азаматтығымызды айғақтайтын осынау игілікті істен шет қалмау мақсатында оңтүстік өңірдегі ең іргелі жоғары оқу орны - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы ауызбірлік танытып, арыстық ағайынға көмек көрсетуге жұмыла кірісті», - деді университет ректоры Дария Қожамжарова.
Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы өтіп жатыр. Акция аясында Мәдениет және спорт министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аудармақ. Осы бастамаға депутаттар да қосылған.
Акция аясында Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін облыс әкімшілігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуыңызға болады.
«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері
Түркістан облысы
Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты,
Пошта индексі 161200
БСН (БИН) 100440016000
«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы
ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540
БСК (БИК) IRTYKZKA