Сауалнама. Ата-аналар оқудың қандай форматын таңдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мектеп оқушыларының ата-аналары/қамқоршыларымен телефон арқылы сауалнама жүргізді.
Сауалнамаға тамыздың 16-сы мен 22-сі аралығында еліміздің барлық аймағынан (14 облыс пен республикалық маңызы бар қалалар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент) 1 200 респондент қатысты.
Сауалнаманың негізгі нәтижелері:
Ата-аналардың көпшілігі оқу процесін дәстүрлі форматта ұйымдастыруды жөн көреді, офлайн форматқа көшу үшін ата-аналар білім ордасында санитарлық талаптарды толыққанды сақтауға дайын.
Ата-аналардың 2/3 бөлігінен астамы мектеп ғимаратына Ashyq қосымшасы арқылы кіру талабын қолдайды.
Екпенің түрін таңдауды ұсынған жағдайда сауалнамаға жауап берген ата-аналардың 19,6%-ы өз баласына екпе салдыруға дайын.
Балаларға екпе салудан бас тартудың негізгі себептерінің бірі - балаларда сәтті сынақтан өткен екпенің болмауы.
Сауалнаманың толық нұсқасын мына сілтемеден көруге болады.