Қазақстан ОПЕК+ шарттарын орындауға дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ОПЕК+ министрлік мониторинг комитетінің отырысы өтті. Оған ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты.

Нұрлан Ноғаев мамыр айында ОПЕК + келісімі аясында Қазақстанның міндеттемелерін орындауы 71% құрағанын атап өтті. Мамыр айының алғашқы 12 күнінде өндірудің жалпы көлемі 3,13 миллион баррельді құрады, ол – саланың инерттілігіне байланысты – делінген ҚР ЭМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұл тамыз және қыркүйек айларында қосымша қысқартумен өтелетін болады.

Министр Қазақстан ОПЕК+ келісімін, оның мұнай индустриясына әсерін оң бағалайтынын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы