ОПЕК: Мұнайға сұраныс өсімі баяулағанымен, нарықтағы жағдай тұрақты
ОПЕК-тің бас хатшысы Хайсам әл-Ғайстың сөзінше, мұнай нарығындағы сұраныс 2027 жылға қарай қайта қалпына келеді.
ОПЕК соңғы екі айда мұнайға деген жаһандық сұраныстың өсу қарқынының аздап баяулағанын мәлімдеді. Алайда ұйым бұл өзгерісті айтарлықтай емес деп бағалап отыр.
Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында сөйлеген ОПЕК-тің бас хатшысы Хайсам әл-Ғайс соңғы айлардағы сұраныс өсімі ұйым болжамдарынан сәл төмен болғанын айтты.
Оның сөзінше, мұнай нарығындағы сұраныс 2027 жылға қарай қайта қалпына келеді. Сонымен қатар, келесі жылы мұнайға сұраныс тәулігіне шамамен 1,5 миллион баррельге артады деген болжам жасалып отыр.
Бұған дейін Лондонда өткен Таяу Шығыс мұнай-газ конференциясында сарапшылар әлемдік мұнай нарығының қазіргі ахуалын, жеткізу тізбегіндегі іркілістердің әсерін және энергетикалық қауіпсіздік саласындағы өзгерістерді талқылаған еді.
- Жұмыс, грант, жеңілдетілген несие: Жас мамандарға қандай мемлекеттік қолдау бар? 12:30
- Жаңа Конституция Қазақстанның тұрақты экономикалық өсу моделіне көшуін айқындады – Олжас Бектенов 12:24
- Бектенов Алматыдағы ЖЭО-3-ті жаңғырту жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды 12:19
- Ұлытау, Қызылорда және Павлодар облыстары құрылыс саласында ең жоғары өсім көрсетті 12:13
- Ұлттық банк инфляция деңгейі туралы: Ахуал толық тұрақтанды деуге әлі ерте 12:00
- Астана маңындағы демалыс аймағында зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінде жатыр: полиция тексеруді бастады 11:55
- ҚҚС түсетін түсім бір жарым есеге жуық өсті – вице-премьер 11:37