ОПЕК+. Қазақстан шешім қабылдауға дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ОПЕК+ министрліктері бірлескен мониторинг комитетінің 26-отырысы өтті. Бұл туралы ҚР ЭМ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде өндірісті қысқарту бойынша қабылданған шаралардың арқасында әлемдік мұнай нарығындағы оң үрдістер атап өтілді.

2021 жылы әлемдік экономиканың өсуі 4,4% деңгейінде, мұнайға деген әлемдік сұраныс тәулігіне 95,9 млн баррельді құрайды деп болжануда (2020 жылмен салыстырғанда өсім тәулігіне 5,6 млн баррель).

Сондай-ақ, желтоқсан айында Келісімге қатысушы елдердің міндеттемелерін орындауы бойынша көрсеткіштердің жақсарғаны атап өтілді (101%, оның ішінде ОПЕК елдері – 103%, ОПЕК емес елдер – 93%).

Қазақстан, өз кезегінде, өз міндеттемелерін орындау және бұдан бұрын артығымен өндірілген көлемдерді өтеу бойынша шаралар қабылдауға әзір екендігін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай ЮНЕСКО төрінде
Өзгелердің жаңалығы