Оныншы баласын босанған анаға ерекше сый-құрмет көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы перинаталды орталықтың медицина қызметкерлері оныншы баласын босанған анаға ерекше сый-құрмет көрсетті.
Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 41 жастағы Айжан есімді батыр ана 25 ақпан күні шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелді.
Анасы мен баласының денсаулығы жақсы, - дейді дәрігерлер.
Көпбалалы анаға орталықтың қызметкерлері арнайы сыйлық табыстап, ақ тілектерін жеткізді.
Бір ананың он бала дүниеге әкелуі - біз үшін қуанышты жәйт. Әрине бұл үшін ананың денсаулық жағдайы жақсы болса дейміз. Көпбалалы отбасыдан шыққан балалар бауырмал, қамқор болып келеді. Көпбалалы аналар біз үшін нағыз батырлар, - дейді орталықтың мамандары.
Айта кетейік, Шымкент қаласында демографиялық өсім жақсарып келеді. Жыл басынан бері қалада 4892 сәби дүние есігін ашқан. Жылдың алғашқы екі айында дүниге келгендердің басым бөлігі - ұл балалар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда 6200 педагог вакцина салдыруға ниет білдірген
Өзгелердің жаңалығы