28 Қазан 2019, 19:12
Оны құтқаруға ешкім талпынған жоқ – Оралда қызды құтқарып қалған полицей
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сол күні 31 жастағы полиция қызметкері Еркебұлан ауысымнан шыққан екен. Жол-жөнекей қызын алып, анасымен бірге үйге келе жатқан. Динамо спорттық базасының жанындағы Шаған өзенінен өтіп бара жатқанда, көпірде келе жатқан қызды көреді.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сол күні 31 жастағы полиция қызметкері Еркебұлан түнгі ауысымнан шыққан екен. Жол-жөнекей қызын алып, анасымен бірге үйге келе жатқан. Динамо спорттық базасының жанындағы Шаған өзенінен өтіп бара жатқанда, көпірде келе жатқан қызды көреді. Бұл туралы mgorod.kz сайты хабарлады.
"Бойжеткен көпірдің үстімен жүріп келе жатты, серуендеп жүрген шығар деп ойладым. Өтіп бара жатып, көліктің терезесінен оның көпірдің қоршауынан аттап бара жатқанын көріп, секірмек ойы бар екенін бірден білдім. Көлікті кілт тоқтатып, шықсам, қыз жоқ. Мен шешініп, жағаға қарай жүгірдім. Жағада балықшылар болды. Олардың бірі де қызды құтқаруға ниеттенген жоқ. Оларды да түсінуге болады, барлығы егде жастағы адамдар, су суық. Қызға қарай жүзіп барып, шашынан ұстап алдым. Ол кезде ол ес-түссіз жатты. Оның үстіндегі киімінің есебінен өте ауыр болды. Мен көпірдің астындағы бетонға қарай алып бардым", - дейді Еркебұлан.Ол қызға бірінші медициналық көмек көрсеткен. Еркебұлан өз әрекетін батырлыққа санамайды. Оның айтуынша, оның орнында басқа адам болса тура осылай жасар еді дейді.
"Мен балықшыларға жедел жәрдем мен полиция шақыруларын өтіндім. Осы кезде қыз есін жиып "Мен өліп қалдым ба?, Қайдамын?" деп сұрада. Құтқарушылар оларға құтқару жилетін кигізіп, арқан байлап жағаға алып шықты. Біз жұмыс бабы бойынша әртүрлі жағдайға тап боламыз. Сол кезде өз антымызға берік болуымыз керек. Адал еңбек етіп, азаматтарды қорғауымыз керек. Қорқу болмады. Осындай жағдай қайталанып жатса, тура осылай жасар едім. Мен үшін жанымда болған анам қатты қорқып кетті. Бірақ мен қызды құтқару керек болдым", - дейді Еркебұлан.
Еркебұлан үйленген. 3 бала тәрбиелеп отыр. Болған оқиғадан кейін не құтқарылған қыз, не олардың туыстары Еркебұланға хабарласпаған.
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 жастағы бойжеткенге қойылған жабық бас сүйек-ми зақымы деген диагнозы расталмаған. Оны дәрігерлер қарап, үйіне жіберген.
Естеріңізге сала кетейік, Оралда қыз көпірден секіріп кеткендігі туралы жазған едік.
- Трамптың отбасына криптобанк құруға алдын ала рұқсат берілді 07:10
- SpaceX Falcon 9 зымырандарын небәрі 38 минут аралықпен ұшырып, жаңа рекорд орнатты 06:27
- Алматы тауларында құтқарушылар жоғалған туристі тауып, жолай тағы бір туристке көмектесті 05:47
- «Артық төлеуге тура келеді»: Трамп америкалықтарды бензин бағасының өсуіне дайын болуға шақырды 04:38
- ДДСҰ биыл денсаулық сақтау нысандарына жасалған 900-ден астам шабуылды тіркеді 03:25
- Лисаковта 22 жастағы жігіт тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлап кетті 02:17
- Акмарал Ерекешева әлемнің үздік бес гимнастшысының қатарына енді 01:25