Оңтүстікте төтенше жағдай: Жұмысшы үйіндінің астында қалды
Жамбыл облысындағы "Алтыналмас АК" АҚ Тау-кен байыту кешендерінің бірінде тау жынысы құлап, бір жұмысшы үйінділердің астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына авариялық-құтқару жасағы барып, іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр.
Тау жыныстарының қозғалысы мен күрделі географиялық жағдайларға байланысты құлаған аймаққа бару айтарлықтай қиын болып тұр. Компанияда жазатайым оқиғаны тергеу басталды, үйіндінің астында қалған жұмысшыны табу үшін барлық күш-жігер мен құралдармен барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр, - делінген хабарламада.
Оқиғадан кейін жұмыс тобы құрылды. Арнайы комиссия ТЖ мән-жайлары мен себептерін анықтайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қант қызылшасына жаңа әдіс қажет
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы