Оңтүстік пен шығыста жауын-шашынды болады
Қазақстан бойынша 03-05 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы атмосфералық фронтальды бөлімдер қалыптастыратын болады, бұл ауа-райының тұрақсыз сипатына әсер етеді. Елдің солтүстігінде, орталық аймақтарында аздаған қар, оңтүстігінде, шығыс аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанады.
Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында, антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман күтіледі.
Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қараша айында Ұлттық қордан қанша валюта сатылды
Өзгелердің жаңалығы