Оңтүстік өңірлердегі жер сілкінісінен кейін жедел штаб құрылды

Қазақстан ТЖМ командалық орталығы, Жамбыл, Түркістан облыстарының және Шымкент қ. ТЖД базасында жедел штаб құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды:

ҚР ТЖМ командалық орталығы - 87172-704118

Түркістан облысы ТЖД - 872533-57886

Жамбыл облысы ТЖД - 87262-513575

Шымкент қ. ТЖД - 87252-95-57-06.

Сонымен қатар, жер дүмпуі Жамбыл облысының бірқатар елді мекенінде сезілуіне байланысты аймақта жедел желі іске қосылды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес зардап шеккендер және бүлінген әлеуметтік нысандар туралы деректер тіркелмеді. 
Жағдай облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бақылауында.

ТЖД командалық орталығының базасында жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде. Зерделеу жұмыстары жалғасуда.

Байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды:
ҚР ТЖМ командалық орталығы - 87172-704118
Жамбыл облысы ТЖД - 87262-513575
Облыс тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, тек ресми мәліметке сүйенуге шақырамыз, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 5 қазан күні, Астана уақытымен сағат 01:29-да Қазақстан аумағында жер сілкінісінің дүмпулері байқалды.

Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 465 км жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

📍 Сезілу аймақтары:
• Жамбыл облысы, Тараз қ. – 4 балл
• Шымкент қ. – 3 балл
• Түркістан қ. – 2 балл
• Түркістан облысы, Тұрар Рысқұлов атындағы ауыл – 4 балл
• Бірқатар аудандарда – 2–3 балл

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық
Жамбылда жер сілкінді
Өзгелердің жаңалығы