Оңтүстік Қытайда Қазақстан сауда үйі ашылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда үшінші Шанхай халықаралық импорттық көрмесі аяқталды. Бұл жайлы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.

Қорытынды шығаратын кез келді. Айта кететін жайт: көрме нәтижелері аралық. Өйткені, көрме «келісімшарт процесінің» алғашқы қадамы ғана. CIIE-2020 көрмесінің жұмыс істеген бес күні ішінде Қазақстанның ұлттық павильонына (мен бұған дейін 35 компанияның өнімдері ұсынылғанын айтқан болатынмын) 1000-нан астам қытай компаниясының өкілдері келді. Тамақ өнімдерінің дистрибьюторлар мен импорттаушылар, ірі бөлшек сауда желілері мен мейрамханалар өкілдері көп болғаны аса маңызды. Олар жай көз салып қана қоймай, біздің отандық компаниялардың мүмкіндіктерін мақсатты түрде зерттеді. Көрмеге қатысушы әрбір қазақстандық компания орта есеппен қытайлық әлеуетті серіктестердің 10 - нан 30 -ға дейін B2B байланысына ие болды - деді ол өз жазбасында.

Сонымен қатар, министр ынтымақтастық туралы меморандумдар, келісімдер жасалғанын, тағы бірнешеуі жасасуға дайындалып жатқанын айтты. 

JiuSan Group-қа ГМО-сы жоқ Қостанай күнбағыс майын жеткізетін болады, Shandong Ju He Yi компаниясы "Рыбпром" ЖШС-дан жаңа мұздатылған балықты сатып алуды жоспарлап отыр. CPU Supply Chain Management Co. Ltd. Қазақстадық "Meat processing and service" ЖШС-мен шартқа қол қоюға және еттің сынама партиясын сатып алуға дайын. Сонымен қатар, қытай тарапы Қытай аумағында біздің етімізді тарату үшін ҚХР-да бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды. Сондай-ақ Kunlunke business management Co Ltd. "Meat processing and service" ЖШС-нен сиыр етін сатып алуға дайын. Әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жалғасуда. Бизнес-сессиялар кем дегенде тағы бірнеше апта өтеді - дейді министр.

Оның сөзіне қарағанда, қазірдің өзінде көрмеге қазақстандық компаниялардың қатысудағы дайындау тәсілдерінің өзгеруі қажетті нәтиже бергендігін көрсетті.

Біз тек «Қазақстан қатысады» деп, мәлімдеп қана қоймай, Қытай бизнесімен алдын-ала кең ауқымды жұмыстар жүргіздік. ҚР СИМ экспорттық акселерация бағдарламасы аясында - "QazTrade Accelerator" - WeChat және Weibo платформаларында маркетингтік компанияны, мақсатты телемаркетинг және қытайлық индустриялық журналдар мен бизнес қауымдастықтардағы жарнаманы іске қосты. Жыл бойы отандық тауарларды қытайлық сауда желілері мен маркетплейстерге шығару бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілді. Осы сауда желілерінің бірқатар өкілдері біздің павильонға мақсатты түрде барып, өнімдерді өз көздерімен көріп, сынақ жеткізілімдері туралы уағдаласты. Осындай тереңдетілген тәсілдеме біздің әрқайсымыздың халықаралық сауда көрмелеріне қатысуымызға сай болуы тиіс деп санаймын. Сонда ғана біз қажетті нәтижеге қол жеткізе аламыз – экспорттың географиясы мен көлемін кеңейте аламыз - дейдіБақыт Сұлтанов.

Ол өзі осы жайлы хабарлап жатқанда, тағы бір маңызды жаңалық келгенін айтты.

Қытайдың «Chinese Central Yuetang International Trade City» бізге Оңтүстік Қытайда Қазақстанның Сауда үйін ашуға шақырады. Өте қолайлы шарттарда. Біз бұл мәселені міндетті түрде пысықтаймыз. Өйткені, Оңтүстік Қытай - жарты миллиардтан астам халқы бар нарық - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы