Оңтүстік Кореяның жаңа президенті ант берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда президент сайлауы 9 наурызда өтті. «Азаматтық күштердің» кандидаты Юн Сок Ёль 48,56% дауыс жинап, жеңіске жетті.
Юн Сок Ёль ант қабылдап, Корея Республикасының президенті қызметіне кірісті.
Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Президенттің ұлықтау рәсімі жоспарланғандай жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 08:00) басталды.
Салтанатты іс-шараға 40 мыңға жуық адам шақырылды.
Юн Сок Ёль штаб бастықтарының біріккен комитетінің өкілдерімен кездесуден кейін түн ортасында президенттік қызметін бастады.
Оңтүстік Кореяда президент сайлауы 9 наурызда өтті. «Азаматтық күштердің» кандидаты Юн Сок Ёль 48,56% дауыс жинап жеңіске жетті. Оның басты бәсекелесі биліктегі «Тобуро» демократиялық партиясынан шыққан Ли Чжэ Мён 47,83% дауыс жинады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Смайылов: Инфляция күнделікті бақылауда болуы тиіс
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы