Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль қайта қамауға алынды
Сеул орталық аудандық соты елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёльді әскери жағдай енгізу ісіне байланысты қайта қамауға алуға рұқсат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
AP басылымының мәліметінше, арнайы прокурор Чо Ын Соктың тобы ұсынған негізге сәйкес, Юн дәлелдерді жоюы мүмкін деген қауіппен қамауға алынған.
Юн Сок Ёль 2023 жылғы желтоқсанда бірнеше сағатқа созылған әскери жағдай енгізіп, оппозициялық депутаттардың әрекеттеріне тосқауыл қоюға тырысқан. Алайда қаруланған сарбаздармен қоршалған парламентке заң шығарушылар кіріп, оның жарлығын жойған. Осыдан кейін 14 желтоқсанда Юнимпичментке ұшырап, 2024 жылдың қаңтарында мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынғаны үшін ресми түрде айыпталған болатын.
Осы аптада ЮнСок Ёль тергеу изоляторына қайта қамалды. Оған билікті асыра пайдалану, ресми құжаттарды қолдан жасау, және заңсыз күшқолдану секілді қосымша айыптар тағылуы мүмкін. Егер жаңа айыптар бойынша іс қозғалса, ол 6 айға дейін тергеу изоляторында қалуы ықтимал. Қылмыстық іс бойынша ең ауыр жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы.
Оның орнын басқан қазіргі президент ЛиЧже Мен өткен айда Юн СокЁльдің әрекеттерін тергеу үшін арнайы ауқымды тергеу бастау туралы заңға қол қойған.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяның экс-президенті сот алдында жауап беретінін жаздық.