Оңтүстік Кореяға заңсыз кірген қазақстандықтардың соты мамыр айында болады

Оңтүстік Кореяға заңсыз кірді деп күдікке ілінген Қазақстанның екі азаматының ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кореядағы біздің азаматтармен еліміздің консулы кездесті. Уақытша тергеу изоляторында ұстау бойынша олардың шағымдары жоқ. Ұсталған адамдардың туыстарымен тұрақты байланыстамыз. Прокуратура істі сотқа жолдады. Соттың алғашқы отырысы мамыр айының ортасында өтуі мүмкін, - деді ҚР СІІМ ресми өкілі А. Смадияров.

А. Смадияровтың айтуынша, бұл азаматтардың ісі бойынша мемлекеттік адвокат жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы