Оңтүстік Кореядағы саяси ахуал: СІМ мәлімдеме жасады

Оңтүстік Кореядағы саяси ахуалға байланысты Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Оңтүстік Кореядағы жағдайдан отандастарымыз зардап шекпегенін айтты.

Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігі азаматтарымыз әрқашан байланыста болады. Менің білуімше, бұл саяси жағдай шешіліп жатыр. Біздің сыртқы саясатымыз – үшінші мемлекеттің ішкі саясатына араласпаймыз, ешқандай баға бермейміз. Басты мақсатымыз – Оңтүстік Кореяда тұратын азаматтарымызды қорғау, - деді ол.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында визасыз режим бар екенін еске салды. Онда 30 мыңнан астам азаматымыз бар.

Ішкі саяси жағдайдан зардап шеккендер мен полиция ұстағандар ішінде Қазақстан азаматтары жоқ, - деп айтты ол.

Еске сала кетейік, 3 желтоқсанда Оңтүстік Корея Президенті елде әскери режим енгізілгенін мәлімдеген болатын. 

Кейін Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі елдегі әскери төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Ал бүгін Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде жарияланған әскери төтенше режимнің алынатыны туралы мәлімдеме жасады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы