Оңтүстік Кореяда тасқын судан қаза болғандар саны 40-қа жуықтады

Оңтүстік Кореяда тасқын салдарынан қаза болғандар саны 39-ға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТАСС мәліметінше, 9 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Сонымен қатар 34 адам зардап шекті.

Чхунчхон-Пукто провинциясында су басқан көлік тоннелінде 13 адамның мәйіті табылды. 

Жауын-шашын салдарынан жергілікті өзен тасып, ұзындығы 635 метр тоннелдің іші суға толды. Оның ішінде 15 транспорттық құрал, автобустар қалып қойған.

Ел Үкіметі табиғи апаттан зардап шеккен 10,5 мыңға жуық адамды эвакуациялады. Бұдан бөлек 146 жол торабы, 139 ғимарат зақымдалды. 28,6 мың үйде электр желілері істен шықты.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда 9 шілдеден бастап нөсер жауын жауып жатыр. Жауын-шашынның азабын әсіресе елдің орталық және оңтүстік-шығыс аудандары тартып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы